Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 7 науқас көз жұмды
Қазіргі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 253 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 16 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 5 адам қайтыс болды.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 67 700 адам коронавирус инфекциясынан (–66 048+ және 1 652 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 253 адамның жағдайы ауыр,
- 78 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 14 қаңтардағы мәлімет бойынша 85 жаңа жағдай тіркелді, 111 адам жазылып шыққан, 2 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 84 690;
- өлім жағдайы – 5 235;
- барлығы 77 803 адам сауығып шықты.