14.01.2022, 09:53
Жаңалықтар
Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды
Ол бүгінге дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ж. Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
- 2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
- 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.
- 2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
- 2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
- 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
- 2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
- 2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
- 2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
- 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.11.2025, 11:30
«Ең кішісі – бір жаста»: Жетісайдағы өртте бір үйдің бес баласы қаза болды (ВИДЕО)
18.11.2025, 20:58
«Ештеңе керек емес деді»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісовамен не туралы сөйлескенін айтты (ВИДЕО)
18.11.2025, 09:09
Шұғыл: Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті
18.11.2025, 18:00
«Кеудемді қуаныш кернеді»: алматылық фельдшер 2 жасар сәбиді ажал аузынан алып қалған
18.11.2025, 14:43
24 қарашадан бастап қазақстандықтарға кредит беру шектеледі