$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордаға ТЖ кезінде заңсыз келген 41 шетелдік елден шығарылды

Бір тәуліктің ішінде қалада 11 қылмыс тіркелді

Елордаға ТЖ кезінде заңсыз келген 41 шетелдік елден шығарылды
Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдай режимі кезеңінде елордаға заңсыз келген 41 шетелдік Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары  тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.  Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмысын жалғастыруда.

Бір тәуліктің ішінде қалада 11 қылмыс тіркелді. 105 жол-көлік оқиғасы тіркелді, жарақат алғандар жоқ.

«Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері 353 белгіленген режимді бұзу немесе мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамау фактісі тіркелді. Кінәлілерге қатысты шешімді сот қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде елорда көшелері мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Базарлардың, сауда үйлерінің, супермаркеттер мен құрылыс нысандарының және т.б. аумағында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізілуде.    

Көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталды, оның ішінде 295 фактісі шетел азаматтары тарапынан жасалған, 41 шетел азаматы елден шығарылды. Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқаны және тұрғын үй иелерінің өз үйлерінде тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының 940-тан астам азаматы жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 82 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Аталған профилактикалық іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері елде болу мерзімі өткеннен кейін кетуден жалтарған екі шетел азаматын анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен шетелдіктер Республикадан тысқары жерге шығарылды.

Учаскелік полиция инспекторлары 5882 жалдамалы тұрғын үй мен 490 хостелді тексерді.

Егер Сіз өзіңіз тұратын үйде күмән тудыратын адамдардың туратыны немесе күдік келтіретін заттар жөнінде қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз дереу 102 телефон нөміріне немесе қызмет көрсетілетін аумақтағы өз учаскелік полиция инспекторыңызға хабарлаңыз», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары