14.01.2022, 09:38
Жаңалықтар
Беларусьтің ҰҚШҰ бітімгерлері мінген 10 ұшақ Қазақстаннан ұшып кетті
Армения, Тәжікстан Ресей ұшақтарымен жеткізіледі
Фото: РИА Новости
Беларусьтің ҰҚШҰ бітімгерлері мінген 10 ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Беларусь Республикасының ҰҚШҰ бітімгерлері заттарын тиеп, 10 ұшақпен Жетіген әуеайлағынан Минск облысына ұшып кетті. Армения Республикасы мен Тәжікстан Республикасының бітімгерлері өз пунктеріне Ресей ұшақтарымен жеткізілетін болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Армения, Беларусь және Тәжікстан елдерінің бітімгерлер бөлімшесі өз еліне қайту үшін «Жетіген» мен «Алматы» әуеайлақтарынан РФ әскери-көлік авиациясымен аттанады.
Қырғызстан Республикасының бітімгерлер бөлімшесі тұрақты орналасу пунктіне өз жолымен қайтады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы