ШұғылКоронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр – ДСМ

12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, жел күшейеді

12 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың басым аумағында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Түркістан облысында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман сақталады.

Қызылорда облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Күндіз бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында да тұман түсіп, бұрқасын болады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей аумағын тұман басып, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін болады.

Алматы облысында жел жылдамдығы 18-23 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында да тұман күтілуде.