ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

Майк Коппинджер үшінші жекпе-жек туралы жанкүйер сұрағына жауап берген

Әйгілі боксшылардың үшінші жекпе-жегі биыл күзде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

The Athletic-тің танымал инсайдері Майк Коппинджер Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан болатыны туралы жанкүйерлер сұрағына жауап берген:   

— Біз Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегін тамашалай аламыз ба? 
— Ол жекпе-жекті күзде тамашалай аласыздар деп ойлаймын...  
 

Бұрындары промоутер Эдди Хирн үшінші жекпе-жекті қыркүйек айында ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Еске салсақ, бірінші жекпе-жекте екі боксшы да жеңіске жете алмай, даулы күйде тең аяқталған еді. Ал екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауыс беруімен Альварес жеңіске жеткен болатын.