Көкжайлауда жабайы қабандар видеоға түсіп қалған

Azattyq Rýhy

Жабайы қабандарды алматылық фотограф видеоға түсіріп алған

Фото: pixabay.com

Алматылық фотограф Көкжайлау шатқалдарының бірінен жабайы қабандарды көріп, видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қабандарды күтпеген жерден кездестіріп қалған Дмитрий Доценко Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарымен өз әсерін бөліседі.

«Мынадай сирек кадрларды түсіріп алдым! Бүгін Көкжайлаудың солтүстік бөктеріндегі жаңа соқпақпен кетіп бара жатқанымда, алдымнан мына қабандар шыға қалмасы бар ма?! Басымды көтере бергенім сол еді, олар дәл тұмсығымның астынан өте шықты. Мен тіпті, олардың қандай жануар екенін түсінбей қалдым, бастапқыда сиыр ма деп қалғаным рас. Бірақ мұндай тік жартаста сиыр қайдан жүрсін! Оның үстіне, қабандар өте жылдам жүреді екен. Алдымда сирек кездесетін жануарлар тұрғанын сезініп, рюкзагымдағы фотоаппаратымды суырғанша, олар алыстап та үлгерді. Әйтеуір, соңдарынан түсіріп үлгердім. Өздері өте үлкен, әдемі қабандар екен», – деп жазады Дмитрий.   

Видеоның соңында жазылған пікірлерде кейбір пайдаланушылар Көкжайлауға көп жылдан бері барып жүргендерін, алайда қабандарды еш көрмегендерін айтады. Фотограф та бұрын бұл жануарлардың болмағанын, дегенмен шалғай түкпірді мекен етуі мүмкін екенін жазады.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат