Ғаламторда арзан бағаға сатылып жатқан брендтік бұйымдар бүлік кезінде тоналған болуы мүмкін

Azattyq Rýhy

Сату қосымшасы арқылы азаматтар құнды заттар мен киімдерді, аяқ киім, техника, әшекейлерді сатылымға шығарды

Фото ашық дереккөзден

Ғаламтордағы сату қосымшасы арқылы азаматтар құнды заттар мен киімдерді, аяқ киім, техника, әшекейлерді сатылымға шығарды. Ғаламтор қосыла сала сатылымға шыққан бұл заттар бүлік кезінде тоналған болуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Бағалары да нарықтағы құнынан арзан.

Елімізде ғаламтор қосылғаннан кейін бренд тауарлар мен әшекейлердің, құнды заттардың сатылымға қойылғандығы байқалды. Мысалы, сату қосымшасын қолданушылардың бірі 350 мың теңгеге қымбат аяқ киімді сатылымға қойған.

Сонымен қатар кейбір тауарлардың нарықтағы құнынан әлдеқайда арзанға сатылып жатқандары да бар. Мысалы, Hugo Boss сөмкесі 15 мың теңгеге сатылымға қойылса, Adidas фирмасының аяқ киімдері 8000 теңге.

Ғаламтор беттеріндегі тауарларды сату жарнамасын көбіне Алматы, Алматы облысы, Жамбыл облысының қосымша қолданушылары берген.

Сонымен қатар, сатылымға қойылған тауарлардың арасында 60 мың мен 12 мыңға бағаланған қымбат брендті аяқ киім мен сөмке де бар.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.