Шымкентте бағаны тұрақтандыруға 5,4 млрд теңге бөлінді
Қала билігі алдағы уақытта да бағаны тұрақты ұстау үшін тағы 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр
Шымкентте бағаны тұрақтандыруға 5,4 млрд теңге бөлінді.Бұл қаржыға Үкімет Қаулысымен бекітілген 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алынады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Оның ішінде халық күнделікті көп тұтынатын картоп, сәбіз, қант, өсімдік майы мен ұн және макарон өнімдері бар.
Қала билігі алдағы уақытта да бағаны тұрақты ұстау үшін тағы 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Алайда өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы ірі сауда желілеріне келісім-шарт арқылы әлеуметтік тауарларды сатып алу үшін жеңілдетілген несие ретінде берілген.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Соның арқасында қазіргі уақытта.бізде осы тауарлар бойынша бағалар тұрақты», - деді қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев.