$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК: Алматы қаласы мен Алматы облысында 675 күдікті қолға түсті

Олардан тоналған мүліктер де табылған

ҰҚК: Алматы қаласы мен Алматы облысында 675 күдікті қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күш 675 күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Азаматтардың жеке басын тексеру және автомобильдер мен үй-жайларды тінту барысында демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция) және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және басқалар) табылып жатыр.

«Барлық азаматтарды құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақырамыз», - деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.


 

 

Серіктес жаңалықтары