10.01.2022, 21:54
Жаңалықтар
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді
Нәресте – отбасының алғашқы перзенті
Фото ашық дереккөзден
СҚО-да "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің анасы қазір жансақтау бөлімшесінде жатыр, бірақ жағдайы бірқалыпты.
«Дүниеге келген сәби - отбасының тұңғышы. Баланың есімі кім деп қойылғаны әзірше айтылған жоқ. Қыз бала өмірге келді, салмағы 3300 грамм. Анасы Петропавл тұрғыны, 36 жаста», - делінген Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысында 103 жүкті әйел тіркеуге алынды. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша барлығы 217 квота пысықталған.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)