Ақмола облысында ТЖ режимін бұзудың 323 дерегі тіркелді
Өткен тәулікте облыстың 8 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысының тұрғындары төтенше жағдай режимін 323 рет бұзған. Бейбіт митингті ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 25 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте облыстың 8 тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
«Облыс бойынша 13 блокпост жұмыс істейді, оның 8-і Көкшетау қаласында, 3-еуі Степногорда және 2-еуі Бурабай ауданында. Қаңтардың 8-інде Бурабай аудандық полиция бөліміне Оңтүстік Қазақстан облысының 8 тұрғыны жеткізілді. Олар бір күн бұрын Астанадан Бурабай кентіне келіп, курорттық аймақ аумағында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлікпен жүрген. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік құралдарының жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабының 1-бөлігі және 230-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ведомстводан.