$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балалы үйге не азық-түлік тасу керек, не балаларына қарайласып көмектесу керек – Аружан Саин

Бала құқығы жөніндегі омбудсмен Алматы қаласында екі балаға оқ тиіп, қаза болғанын растады

Балалы үйге не азық-түлік тасу керек, не балаларына қарайласып көмектесу керек – Аружан Саин
Фото ашық дереккөзден

Қоғам белсенділері Алматыда террорлық шабуылдар кезінде бірнеше балаға оқ тиіп, қаза болғанын жазған еді. Azattyq Rýhy сайтына қысқаша сұхбат берген елдегі бала құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин екі баланың қазасын растады.

«Алматыда екі бала. Қазақстан бойынша бала өлімі жоқ деп үміттенемін, бірақ, ІІМ-нен мәлімет сұрау керек», - дейді Саин.

Ол сондай-ақ төтенше жағдай кезінде балалардың өмірін сақтау үшін құқық қорғау органдарының, дәрігерлердің жұмысынан басқа, қарапайым тұрғындар мен бір үйде тұратын көршілердің де ниеті өте маңызды дейді.

«Мәселен, көршіңіз үйіне азық-түлік әкелу керек, бірақ кішкентай баласын қарайтын адам жоқ делік. Сіз не оған азық-түлік әкеп бере аласыз, немесе баласын қарай тұрыңыз. Ең дұрысы, төтенше жағдай кезінде тіпті дайын тамақтың өзін бөліп жеп, бір-бірімізге қолдау жасау керек», - дейді ол.

Аружан Саин Алматыдағы балалар үйінің бірі азық-түлік сатып алып үлгермеген соң бір топ ерікті  мекемеге керек-жарағын апарып бергенін айтты. Ол сондай-ақ, мұндай қорқынышты кезде жалғызбасты аналарға, мүгедек жандарға да ерекше қолдау мен көмек керек екенін айрықша айтты.

Ал Қазақстанның көп аймағы интернетсіз отырған кезде ата-ана баласымен бірге кітап оқып, оны үй шаруасына жұмсап, шығармашылықпен айналысқаны абзал дейді, Аружан Саин.

Серіктес жаңалықтары