10.01.2022, 09:35
Жаңалықтар
Бизнеске келген шығын 94 млрд теңгеге жуықтады – «Атамекен»
Алматы қаласына келген шығын – 92,2 млрд теңге
Фото ашық дереккөзден
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы тәртіпсіздік салдарынан бизнеске келген шығын туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы жылдың 10 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті.
Оның ішінде:
- Мародерлық мәселелер бойынша – 1406;
- форс-мажор – 39;
- блок-бекеттер – 2;
- зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3;
- жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324.
Елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 бизнес субъектісі зардап шекті, оның басым бөлігі Алматы қаласында – 1399 нысанда орналасқан 1234 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары:
- Сауда – 1245;
- қоғамдық тамақтану – 25;
- қаржы секторы – 37;
- логистика – 9;
- БАҚ – 2.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты. Оның ішінде Алматы қаласына келген шығын – 92,2 млрд теңге.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты