09.01.2022, 16:53
Жаңалықтар
ІІМ: Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталғандар саны 6 мыңға жуықтады
Қазіргі уақытта 125 қылмыстық іс қозғалған
Фото ашық дереккөзден
Қазақстан бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандар саны 6 мыңға жақындады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде құрылған жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ішкі істер министрлігінде құрылған жедел штабтың мәліметі бойынша, еліміз бойынша 5,9 мыңнан астам адам полицияға жеткізілген. Қазіргі уақытта 125 қылмыстық іс қозғалған.
«Бүкіл еліміз бойынша 5,9 мыңнан астам адам ұсталды. Қазіргі кезде кісі өлтіру, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасау, қарулы шабуыл бұзақылық және ұрлық деректері бойынша сотқа дейінгі 125 іс тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.
Ұсталғандардың арасында шетелдік азаматтар көп.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы