Кей банктер елдегі қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің несиелерін кешіреді
Банктер төтенше жағдай кезінде төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл болмайтынын атап өтті
Еліміздің кейбір екінші деңгейлі банктері қайтыс болған әскерилер мен полицейлердің несиелерін кешіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәселен, Сбербанк пен Homecredit банктері кредитті кешіруге дайын екендерін мәлім етті. Сондай-ақ банктер заңды және жеке тұлғаларға төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл мен айыппұл салуды төтенше жағдай кезінде тоқтата тұруға шешім қабылдағанын атап өтті.
Сол секілді Halyk Bank-те террористерге қарсы операция барысында оққа ұшқан әскерилер мен полиция қызметкерлерінінің туыстарына көңіл айтып, әскерилердің банкке берешегі кешірілетінін хабарлады.
Ал бұған дейін "ЦентрКредит" банкі қайтыс болған әскерилер мен полицейлердің отбасыларына миллион теңгеден беретіндігін жазған болатынбыз.