ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады – ІІМ міндетін атқарушы
Министрдің міндетін атқарушы тұрғындарды сақ болуға шақырды
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұғымбаев төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқандар үштен жеті жылға дейін сотталатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондықтан, Ерлан Тұрғымбаев қазақстандықтарды шектеу шараларына шыдамдық танытып, сақ болуға, күдікті деректер туралы полицияға хабарлауға шақырды.
"Әсіресе лаңкестерге қарсы әрекет орнында сақ болуды, арандатуға берілмей, барлық күдікті деректерді полицияға хабарлауды сұраймын. Бұл арқылы еліміздегі тәртіпті қалыпқа келтіруде құқық қорғау органдарына үлкен көмек боласыздар", - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Ол мұндай қиын уақытта жалған ақпарат таратуға болмайтынын, ал ондай дерек тіркелсе, полиция әрекет ететінін қадап айтты.
"Мемлекеттік және ішкі істер органдарының ресми дереккөздеріне сену керек. ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар ҚК 274-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, үштен жеті жылға дейін сотталады", - деді Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы.