$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықаралық бағыттағы 38 әуе рейсінің 29-ы тоқтатылды

19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстердің билетін айыппұлсыз қайтаруға болады

Халықаралық бағыттағы 38 әуе рейсінің 29-ы тоқтатылды
Фото ашық дереккөзден

9 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы бағытта жоспарланған 38 әуе рейсінің 29-ы тоқтатылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«9 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан Ташкент, Минск, Дубай, Новосібір, Киев, Ыстанбұл, Франкфурт, Мәскеу, Шарджа, Пхукет қалаларымен екі араға қатынайтын 24 халықаралық рейсті орындау жоспарланған және Мәскеу, Жуковский, Ыстанбұл қалалары арасындағы 6 рейс тоқтатылды. Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Қарағанды қалаларынан Амстердам, Ыстанбұл, Жидда, Кутаиси, Тбилиси қалаларына 14 рейс орындау жоспарланғанымен, Мәскеу, Ыстанбұл, Кувейт, Дубай, Санкт-Петербор, Ташкент, Франкфурт қалаларымен екі арадағы 23 рейс орындалмады. ҚР бойынша барлығы 38 рейсті орындау жоспарланып, 29 рейс тоқтатылды», - делінген комитеттің мәліметінде.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстердің билетін айыппұлсыз қайтаруға болатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары