$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келтірілді

Сауда нысандарында азық-түлік қоры жеткілікті

Алматыдағы ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келтірілді
Фото ашық дереккөзден

Алматыда тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен ірі сауда желілерінің жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі күні «Magnum», «Тоймарт» және «Small» супермаркеттерінің 28 филиалы ашық. Сауда нысандарында, жеткізушілер мен дистрибьюторлардың қоймаларында азық-түлік қоры жеткілікті көлемде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Алдағы екі күнге сауда желілерінде таңғы сағат 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленді», - деді Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметінен.

 9 қаңтар күні «Magnum» сауда желісі 40 дүкенін ашады. Жұмыс уақыты 09.00 – 18.00 аралығында. Онымен қоса, 9 қаңтарда қаланың барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарының, бірінші кезекте азық-түлік өнеркәсібінің қызметін қалпына келтіру жоспарлануда.


 

 

Серіктес жаңалықтары