Ақтөбеде шеру кезінде іріткі салып, тәртіп бұзған 11 адам қолға түсті
Олардың екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде шеру кезінде іріткі салып, тәртіп бұзған 11 адам қолға түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметіне сүйенсек, ұсталған 11 адамның екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 272-ші бабы бойынша(жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру) қамауға алынып, бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал қалғандары заң бойынша жазасын алады.
Қазіргі таңда өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында комменданттық сағат енгізілді. Өткен түні коменданттық сағатты бұзған 300-ден аса тұрған полиция бөліміне жеткізілді. Оның 166-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өңірде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала мен аудандардың арасындағы жолдарға блок бекеттер қойылды.