$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елді мекендерге азық-түлік үзіліссіз жеткізілуде – министрлік

Бірқатар елді мекенде зардап шеккен кейбір сауда объектілерінің жұмысы тоқтап тұр

Елді мекендерге азық-түлік үзіліссіз жеткізілуде – министрлік
Фото ашық дереккөзден

Сауда министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша азық-түліктер қоры жеткілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көптеген өңірде сауда объектілерінің жұмысы елді мекендердің ішінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген кестелер бойынша штаттық режимде жалғастырылуда. Бірқатар объектілерде банктік төлем жүйелері арқылы қабылдануда. Бірқатар елді мекенде зардап шеккен кейбір сауда объектілерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондай-ақ террорға қарсы операциялардың іс-қимылдары белсенді жүріп жатқан орындарда жеке сауда объектілері әліге дейін жабық», - делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Сауда министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі негізгі тағам тауарларына, дәрі-дәрмек құралдары мен жанар-жағармайға бағалық алып-сатарлық пен жасанды дүрлікпе жасамауға шақырады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күн сайын азық-түлік бағасына мониторингі жүргізеді.

Мұндай фактілерді анықтау және оларға жол бермеу мақсатында хабарларды қабылдау үшін жедел желі құрылған. Нұр-Сұлтанда (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (қоңыраулар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады), мобильді нөмірлер 8-705-231-24-23, 8-776-458-88-85. 8-708-883-02-62, 8-701-369-61-28 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00ге дейін).

Серіктес жаңалықтары