Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

Azattyq Rýhy

Соңғы аптада елімізде ауру көрсеткіші 1,4 есеге артты

Фото ашық дереккөзден

Елімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Министрліктің хабарлауынша,  бұған омикрон штамының анықталуы себеп болып отыр.

 Қазір Қазақстан коронавирус бойынша сары аймақта. 11 өңірде ауру көрсеткіші белең алған. Республика бойынша елорда – «қызыл», Шымкент пен Алматы «сары» аймақта тұр.

«Соңғы аптада елімізде ауру көрсеткіші 1,4 есеге артты. Тәулік ішінде 1510 індет жағдайы тіркелді. Ауырғандардың 75 пайызы Алматы, Нұр-Сұлтан, және Шымкент қалаларынан. Эпидахуалдың нашарлауына омикрон штамының анықталуы әсер етті. Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында халықтың бір қаладан екіншісіне көптеп баруы себеп», - дейді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.