$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет комиссиясы жаңаөзендік белсенді топпен келіссөз жүргізді

 

 Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады

Үкімет комиссиясы жаңаөзендік белсенді топпен келіссөз жүргізді

Үкімет комиссиясының мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Кездесуде өзекті мәселелер, соның ішінде сұйытылған газ бағасын төмендету туралы айтылды. Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.

Серіктес жаңалықтары