$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

Жиынға қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр

 
Маңғыстауда үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

Үкімет комиссиясының мүшелері сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.

Серіктес жаңалықтары