$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жыл басынан бері Алматы облысында жол апатынан 400-ден астам адам қайтыс болды

Бұл көрсеткіш өрткен жылғыдан 20 пайызға артық

Жыл басынан бері Алматы облысында жол апатынан 400-ден астам адам қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері облыс жолдарында 2044 көлік соқтығысып, 2900-ден аса адам жарақат алды. 400-ден аса жолаушы қайтыс болды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 процентке көп, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қара жолдағы қайғылы жағдайды азайту мақсатында келесі жылы өңірдегі автомагистральдарға 300-ден астам бейнебақылау камералары орнатылады. 

Жақында ғана «Алматы-Қорғас» тас жолында ең ірі жол апаты болды. 17 автомобиль бір-біріне соғылған еді. Осыған байланысты облыстық ПД қылмыстық іс қозғады.

 Көліктердің соқтығысуы «Алматы-Өскемен» автомагистралінде де жиілеп кетті. 

Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі аралықта осындай оннан аса қауіпті аймақ бар. Жүргізушілердің кейбірі асфальт төселген жол аяқталып, айналмаға бұрылатын жерді байқамай тіке өтіп кетеді. Автомагистраль 2018 жылдан бері қайта салынып жатыр. Қазір 300 шақырымнан асатын жолдың 280 км пайдалануға берілген. Сәйкесінше көліктер де жүйткіп жүретін болды.  

Жол сапасы жақсарғанымен оның қысқы күтіміне байланысты жүк көлігі жүргізушілерінің айтар уәжі бар.

Талдықорған мен Үшарал аралығындағы жол күтіміне қатысты полицейлер бірнеше рет тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жауапты мекемелерге 50-ден аса ұйғарым берілді. Облыс аумағындағы өзге жолдарда да олқылықтар анықталған. 

«Жолды техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері Алматы облысында 2500 тексеру жасап, ұйғарымдар берілген. Сол ұйғарымдарды орындамағаны үшін  250 жол мекемесінің немесе ауылдық, аудандық әкімшілік жазаға тартылды. Соның ішінде «Қазавтожол» компаниясы бар», - деді Алматы облыстық ПД ӘПБ бөлім басшысы Серіжан Әбжанов.



 

Серіктес жаңалықтары