$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылдағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі ШҚО-ға жеткізілуі мүмкін

Оқ-дәрілер әртүрлі қоймаларға жеткізіледі

Жамбылдағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі ШҚО-ға жеткізілуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов айтты, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Оның мәліметі бойынша, арнайы дайындалған орындар бар. Оқ-дәрілер әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Ал жарылыс кезінде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші Бауыржан Дәуітбаевты іздеу шаралары еш нәтиже бермеген. Қорғаныс министрінің орынбасары іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын, қазір іздеуге ауа райы жағдайлары кедергі болып тұрғанын да айтты.

Айта кетейік, биыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде өрт шыққан еді. Салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

«Толық бағдарлама қабылданды, соған сәйкес құрылыс жүріп жатыр. Бұл мәселемен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысады. Менің ойымша, жұмыс кешенді түрде жүргізіледі. Үкімет тарапынан комиссия жұмыс істейді, оны вице-премьер басқарады. Жаңа қоймалар салынып, оларға оқ-дәрілер жеткізіледі», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.

 

Серіктес жаңалықтары