$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бекболат Тілеухан жаңа қызметінде қандай жұмыс атқаратынын айтты

Ол Бүкіл әлемдік этноспорт конфедерациясы президентінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Бекболат Тілеухан жаңа қызметінде қандай жұмыс атқаратынын айтты

Мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған Бекболат Тілеухан жұмыс бабымен уақытша Түркия еліне көшуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экс депутат мәжіліс залынан шыққаннан кейін бір топ журналистерге берген сұхбатында алдағы қызметі қалай өрбитінін айтты. Белгілі болғандай, ол Бүкіл әлемдік этноспорт конфедерациясы президентінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Айта кететін жайт, аталған конфедерация басшысы лауазымын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоған атқарады.

«Бүкіл әлемдік этноспорттың дамуымен айналысамын. Стамбұлда, Нұр-Сұлтанда және Бакуде өкілдіктері болады. Негізінен Қазақстан мен Түркияның ортасында жүретін боламын. Мен Nur Otan партиясынан кетпеймін, саяси көзқарасымнан таймаймын. Мен бір «секретный» адам емеспін. Ешқашан ондай болған жоқпын. Тек қана жұмысым ауысты», - деді Бекболат Тілеухан.

Сондай-ақ, ол журналистердің «парламенттегі орныңызды қимай тұрған жоқсыз?» деген сауалына бұл біраз ойланып қабылданған шешім екенін айтты.

«Адам мектепті бітірген кезде қимастық сезім болады. Бірақ оған «қалшы» десе қала ма? Сол сияқты нәрсе. Ойланып жасалған нәрсе ғой. Табан астынан қабылданған шешім емес. Қыркүйектің 27 күні осындай шешім қабылдау туралы ой келді. Бірте-бірте соны пісірдім», - деді экс депутат.

Серіктес жаңалықтары