Украина 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті
Киев Олимпиада өткізу үшін өтініш бермек
Украинаның спорт министрі Вадим Гуцайт елдегі ірі спорттық жарыстарды ұйымдастыру жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Министрдің айтуынша, украиндықтар 2028 жылы жасөспірімдер олимпиадасын, сондай-ақ 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш бергісі келеді.
"Біз мұны не үшін жасаймыз? Біріншіден, елдің беделін көтеру үшін. Сонымен қатар, бұл қуатты инвесторларды тартуға, жаңа спорттық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Вадим Гуцайт.
Елдің спорт министрі Киев дербес өтінім беруді жоспарлап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, елде жарыстар өткізуге болатын нысандардың бір бөлігі бар.
Айта кетейік, алдағы қысқы Олимпиада Бейжіңде өтеді. Жарыс 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығына жоспарланған.