$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Парламент өлім жазасын жою туралы Заң жобасын қабылдады

Қазақстан өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына қосылады

Парламент өлім жазасын жою туралы Заң жобасын қабылдады

Отырыс кезінде бұл заң елімізде өлім жазасын қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқартуға бағытталған жұмыстың лайықты жалғасы екені атап өтілді. Мемлекет басшысы қараша айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертпесіз жойылуға тиіс екені айтқан еді. Сенаторлардың бұл  заңды қабылдауы – Президенттің нақты тапсырмасын орындау нәтижесі, әрі депутаттардың жұртшылық сауалына жауабы болып табылады.

«Осы заңды қабылдай отырып, Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салған елдер тобына қосылды. Сондай-ақ еліміз өлім жазасын толығымен жоюға арналған халықаралық қозғалысты қолдайтынын заң арқылы дәлелдеп отыр», – деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, 2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланды. Заң қабылданғаннан кейін еліміз өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттік қатарына енеді.

Серіктес жаңалықтары