$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Океанариум, дельфинарий, жануарлар көрмелерін құруға тыйым салынады – Сенат

Сенатта жануарларды қорғау туралы заң қабылдады

Океанариум, дельфинарий, жануарлар көрмелерін құруға тыйым салынады – Сенат

Жануарларға қатыгездік көрсетілгені үшін жаза күшейтіледі. Бүгін Сенат «жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңға сәйкес, жеке тұлғалардан жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін айыппұл енді 5 АЕК-ті, ал лауазымды тұлғаларға – 10 АЕК-ті құрайды. Қолданыстағы заңды қайта бұзғаны үшін айыппұл сомасы 4 есеге артады.

Сонымен қатар, сенаторлар қабылдаған заңда жануарларды қорғаушылардың ұсыныстары ескеріледі. Океанариумдер, дельфинарийлер мен жануарлар көрмелерін құруға және олардың қызметіне тыйым салынады. Алайда, мұндай бизнестің иелері өз бизнестерін жою немесе қайта құру үшін бұл норма 2025 жылдан бастап, ал дельфинарийлер үшін 2029 жылдан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ, заң бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын қоғамдық бақылау институты да енгізіледі.

«Мемлекет басшысы Жолдауда жануарларды қорғауға қатысты құқықтық қатынастарды заңнамалық тұрғыдан реттеу қажеттігін айтқаны белгілі. Осы орайда бүгінгі күні қабылданған заңдар жануарларға жауапкершілікпен қарау, олардың иелерінің міндеттері, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың осы бағыттағы құзыреттерін реттейтін қағидаттарды бекітуге бағытталған», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Серіктес жаңалықтары