Филиппинде тайфун салдарынан 400-ге жуық адам қаза болды
Тайфуннан елдің 1 миллионға жуық тұрғыны зардап шекті
Филиппинде «Раи» тайфунынан қаза тапқандар саны 375 адамға жетті, тағы 56 адам хабар-ошарсыз кетті. Мұндай мәліметті Филиппиннің ұлттық полициясы жариялады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Зардап шеккен аймақтардағы құрбандар саны туралы ақпарат әлі де нақтылануы керек», - делінген полиция есебінде.
Онда Филиппинде ең жойқын тайфунның салдарынан Орталық Висай аралдары мен Минданао аралының солтүстік-шығысындағы Карага аймағының тұрғындары қаза болғаны айтылған.
Табиғи апаттардың қаупін азайту және тәуекелдерді басқару жөніндегі ұлттық кеңес (NDRRMC) бүгін 58 адам қаза тапқанын хабарлады, олардың тек 4-еуінің өлімі расталды. Тағы 18 адам әлі де хабар-ошарсыз кеткен.
Филиппиннің орталық бөлігінде «Раи» тайфунынан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі Бохоль провинциясында 94 адам қайтыс болды, тағы кем дегенде 18 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы провинция губернаторы Артур Яп хабарлады.
NDRRMC тайфуннан елдің 1 миллионға жуық тұрғыны зардап шеккенін, 442 424 адам эвакуацияланғанын хабарлады.
Ведомствоның алдын ала бағалауы бойынша, ауыл шаруашылығына түскен зиян 118,28 млн песо (2,4 млн АҚШ долларын), ал инфрақұрылымға – 225,17 млн песо (4,5 млн АҚШ долларын) құрайды.