18.12.2021, 14:48
Жаңалықтар
Әлемдегі ең үлкен субұрқақ Қазақстан туының түсіне боялды
The Palm фонтанында сондай-ақ, еліміздің әнұраны орындалды
Дубайда орналасқан әлемдегі ең үлкен «билейтін» субұрқақ Қазақстан туының түсіне боялды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыртқы істер министрлігіеің мәліметінше, әйгілі Dubai Palm Jumeirah жасанды аралында орналасқан, Guinness World Records кітабына «Әлемдегі ең үлкен билейтін субұрқақ» ретінде енген The Palm фонтанында алғаш рет Қазақстанның әнұраны орындалды.
Сондай-ақ субұрқақ еліміздің көк байрағының түсіне боялды.
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай The Palm фонтанында тұңғыш рет ұлттық әнұранымыз ойналды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды