18.12.2021, 16:38
Жаңалықтар
Түркістан облысында Тәуелсіздік күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді
Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
Тәуелсіздік күні, яғни, 16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, дүние есігін ашқан сәбилердің 96-ы ұл бала болса, 94-і – қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы.
Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген.
Айта кетейік, мереке күні кезекші ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.
Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды