$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады

 

19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.

«Солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, елдің оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. Республиканың тек оңтүстік-шығысы мен шығысы жоғары атмосфералық қысымның әсерінде болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген хабарламада.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, таңертең және күндіз оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, таулы аудандарда 23-28, таулы асуларда 30 м/с және одан да күштірек жел соғады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28, кейде 30 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жел  күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, күндіз шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде жел 18 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.

 
Серіктес жаңалықтары