18.12.2021, 14:10
Жаңалықтар
Денис Кузин төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленді
Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңіс тұғырына көтерілді
Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды. Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады.
Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жеңімпаз Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленген.
Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды