$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ливияда қарулы адамдар Үкімет ғимаратын басып алды

Оқиға Ливиядағы президент сайлауына 8 күн қалғанда орын алып отыр

Ливияда қарулы адамдар Үкімет ғимаратын басып алды
Фото ашық дереккөзден

Қарулы адамдар 15 желтоқсан күні кешке Ұлттық бірлік Үкіметінің штаб-пәтеріне және Триполидегі Қорғаныс министрлігіне басып кірді, деп хабарлайды Риа Новости.

Триполидегі үкіметтік ғимараттарды басып алу 24 Желтоқсанда өтетін Ливиядағы президенттік сайлаудан сегіз күн бұрын орын алып отыр.

Басылымның мәліметінше, Ливия астанасының бірқатар аудандары жарықсыз қалған.

Айта кетейік, 2011 жылы Ливия басшысы Муаммар Каддафи билігі құлағаннан кейін Ливия біртұтас мемлекет ретінде жұмысын тоқтатты. Соңғы бірнеше жыл ішінде елдің батысындағы Триполиде отырған Файез Сарраж ұлттық келісім Үкіметі (PNS) мен Маршал Халифа Хафтардың басшылығымен Ливия ұлттық армиясы қолдаған Шығыстағы билік арасында қарама-қайшылық болды.

Ақпан айының басында Женевада БҰҰ қолдауымен Ливия саяси диалогының форумы 24 желтоқсанға белгіленген жалпы сайлауға дейін Ливияны басқаратын өтпелі атқарушы билікті сайлады. Президенттік Кеңестің жаңа басшысы болып ЛивияныңГрекиядағы бұрынғы елшісі Мухаммад Менфи, өтпелі үкіметтің басшысы болып Ливиялық бизнесмен және саясаткер Абделхамид Дбейба сайланған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары