$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

"Жағдай өте қиын": Атырау облысындағы 9 елдімекенде бірде-бір дәріхана жоқ

Ауыл тұрғындары дәрі-дәрмекті Атыраудан немесе аудан орталығынан әкеледі

"Жағдай өте қиын": Атырау облысындағы 9 елдімекенде бірде-бір дәріхана жоқ
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысынан 600 шақырым шалғай жатқан Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінде бірде-бір дәріхана жоқ. Бұл туралы бірнеше рет мәселе көтерілгенімен шешімін таппай келеді, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Соңғы бірнеше жыл тоғыз елдімекен - Сүйіндік, Егінқұдық, Батырбек, Жалғызапан, Асан, Үштаған, Азғыр, Балқұдық, Қоңыртерек тұрғындары дәрі-дәрмекті Атыраудан, болмаса аудан орталығынан әкеледі.

«Жағдай өте қиын. Бұдан үш-төрт жыл бұрын дәріханалар болған, олар жабылып қалды. Дәріхана маманы фармацевт дипломымен, кемінде үш жыл жұмыс жасаған еңбек өтілі бар және жеке кәсіпкер болуы керек. Ал ондай маман бізде жоқ. Мемлекеттік дәріхана болмай бұл жай шешілмейтін түрі бар. Депутаттар, аудан басшылығы мәселе етіп көтергенімен түк шықпай келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жылжымалы дәріхана жібереміз дегелі көп болды», - дейді Сүйіндік округінің әкімі Қанат Құлшар.

Ал өңірде акушер маманы жоқтығынан жүкті әйелдер аудан немесе облыс орталығына екі ай бұрын жіберіледі. 

 

Серіктес жаңалықтары