Алматыдағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды
Іс-шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған қала жұртшылығы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Гүл қою рәсіміне қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, Ауған соғысының жауынгерлері және Чернобыль қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.
Салтанатты шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы орталық алаңда орналасқан «Тәуелсіздік» монументі егемендіктің 5 жылдық мерейтойына орай 1996 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ашылған болатын.