«Пандемия 2022 жылы аяқталады»: ДДСҰ өз болжамын жариялады

Azattyq Rýhy

Ұйым келер жылы пандемияны тоқтату қолымыздан келеді деп отыр

Фото ашық дереккөзден

Коронавирус індетінің әлемдегі шиеленіскен жағдайына қарамастан, ДДСҰ 2022 жылы пандемияның аяқталатынын болжап отыр, деп хабарлайды Euronews.

«2022 жылы біз COVID-19 пандемиясын тоқтата аламыз. Қазір бізде аурудың ауыр спектрін жою үшін бәрі бар. Біз асқынулардың, ауруханаға жатқызудың, ауыр науқастардың, қарқынды терапияны қажет ететіндердің, қайтыс болғандардың санын азайта аламыз. Біз COVID-19 өлімін жоя аламыз, сонымен қатар инфекцияны азайта аламыз», - дейді ДДСҰ-ның COVID-19 бойынша техникалық басшысы Мария Ван Керкхове.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірқатар Еуропа елдерінде 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау басталды.

Бұл бастаманы жүзеге асырғандар арасында Германия, Хорватия, Грекия, Венгрия және Испания бар. Бұл елдердің үкіметтері рождестволық мерекелер кезінде омикронның жаңа штаммының кең таралуынан қорқады.

Айта кетейік, қазір ЕО-ның барлық елдерінде балаларды вакцинациялау ерікті түрлі, тек қана ата-ананың рұқсатымен салынады. ДДСҰ балаларға арналған COVID-19 вакциналарын қолдану туралы жалпы ұсыныстар жасау үшін көбірек мәліметтер қажет дейді.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.