Алдағы үш күнде күн суытады
7-9 қаңтарда республиканың басым бөлігінде көктайғақ болады
Қазгидромет 7-9 қаңтардағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында циклон әсерінен жауын-шашын, негізінен, жабысқақ қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы аздап төмендейді.
Ал республиканың қалған аумағы Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Соған байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, батыстан екпінді жел соғады, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.
«Күннің суытуына қарамастан, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Тек оңтүстік пен шығыста орташа климаттық нормаға жақын температура күтіледі», - делінген хабарламада.
Ірі мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 7 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -6℃, күндіз -7℃.
- 8 қаңтарда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -9℃, күндіз -8℃.
- 9 қаңтарда да күн бұлтты. Түнде -13℃, күндіз -9℃.
Алматы
- 7 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде -3℃, күндіз 0℃.
- 8 қаңтарда күн бұлыңғыр, түнде -4℃, күндіз -2℃.
- 9 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -5℃, күндіз -5℃.
Шымкент
- 7 қаңтарда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -1℃, күндіз 0℃.
- 8 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -3℃, күндіз -4℃.
- 9 қаңтарда күн ала бұлтты, түнде -7℃, күндіз +2℃.