Тоқаевтың Instagram-дағы оқырманының саны миллионға жетті
Президенті Instagram желісіндегі парақшасын 2019 жылдың 1 сәуірінде ашқан
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы алдағы уақытта Instagram желісінде бейресми сәттерде түсірілген фотоларын жариялап тұратынын айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Президент «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асыру барысында халықпен тікелей байланысқа ерекше көңіл бөледі. Тұрғындардың өтініш-тілектерін дер кезінде қарау үшін Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Бүгінде оған 6673 өтініш келіп түскен», - дейді Берік Уәли.
Сондай-ақ Тоқаев Twitter және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді қолданатынын жазды.
«2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған Мемлекет басшысының Instagram желісіндегі парақшасына жазылушылар саны 1 миллионнан асты. Президент 9 ай ішінде өз парақшасында ресми шаралардан, кездесулер мен сапарлардан 60 пост жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта Instagram желісінде бейресми сәттерде түсірілген суреттер мен бейнероликтер жариялауды да жоспарлап отыр», - деп жазды.