$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Коронавирустың жаңа және жұқпалы мутациясы анықталды

Онда «Дельта» нұсқаға қарағанда мутация қаупі екі есе жоғары

Коронавирустың жаңа және жұқпалы мутациясы анықталды

COVID-19 жаңа толқының ортасында жүрген Еуропа ревакцинация және бустерлер арқылы балалар екпесін егу бағдарламасын жүргізуді қолға алды. Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың жаңа және жұқпалы мутациясы табылды. Сарапшылар аталған мутацияға вакцина әсер етпеуі мүмкін деп отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, соңғы 28 күнде әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 14 млн-ды құрап, олардың 201 мыңы көз жұмған. Әлемде аталған вирусты жұқтырушылардың саны күн санап өсіп жатыр. Өлім статистикасы қазан айынан бері тәулігіне 47-50 мыңды құрап отыр. 

Өсу динамикасы қарқынды жүріп жатқан батыс Еуропада екі күн сайын шамамен миллион адам ковидпен ауырып жатыр. Франс басылымының жазуынша, бейсенбі күні қайтыс болғандар саны жарты миллионнан асқан. Жаңа жыл алдында билік мерекелік шараларға қатысты тыйымдарды шектеулер қоюда.

Оңтүстік Африкалық мутация

ОАР-да «1.1.529.» деген жаңа мутация пайда болды. Оңтүстікафрикалық эпидемиолог, профессор Салим Карим Би-би-сиге берген сұхбатында жаңа нұсқаның жұқпалылығы алдыңғыларынан жоғары деді. Бүгін ДДСҰ сарапшылары ОАР шенеуніктерімен кездесіп, жағдайды бағалайды. Жаңа нұсқа штаммы «Ню» деп аталуы мүмкін.

«ОАР, Гонконг пен Ботсванда жаңа мутация жұқтырған 59 адам тіркелсе, Претории ауданында бірнеше студенттен аталған вирус анықталды. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид ғалымдар жаңа мутацияға қатты алаңдаулы, себебі онда «Дельта» нұсқаға қарағанда мутация қаупі екі есе жоғары. Сондай-ақ, вакцина әсер етпеуі мүмкін» деп мәлім етті ол.

Франциядағы коронавирус жағдайы орта есеппен 11 күн сайын еселеніп отыр. Ел билігі сарапшылардан 5-11 жас аралығындағы балаларға екпе егу мәселесін зерттеуді тапсырған.

Германияда бейсенбі күні КВИ-ден көз жұмғандар саны 100 мыңға жетті. Күн сайын жұқтырғандар саны – 75 961. Осы жағдайдан кейін Германия билігі азаматтардан қоғамдық көлікті пайдалану және жұмысқа бару барысында антидене мен вакцина алғандарын растайтын құжат көрсетуді талап етуде.

Серіктес жаңалықтары