26.11.2021, 09:07
Жаңалықтар
Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 14 адам қайтыс болды
422 науқас ауыр халде жатыр
Фото ашық дереккөзден
Елімізде 24 қарашада бір тәулікте коронавирус пен онымен байланысты пневмониядан 14 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 13 адам қайтыс болды, тағы бір пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ-) көз жұмды.
Сондай-ақ, 24 қарашада дәрігерлер ковидті пневмонияның 92 жағдайын тіркеді.
26 қараша күні таңертең COVID-19 инфекциясынан 27 696 адам (24 635 КВИ+ және 3 787 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда – 5 857 пациент, үйде – 21 839.
Науқастар арасында:
- ауыр халде – 422 пациент;
- аса ауыр халде – 121 пациент;
- ӨЖЖ аппаратында – 81 пациент.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 971 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 1284 науқас емделіп шықты.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды