Қазақстанда мемқызметтерді «бір терезе» қағидаты арқылы көрсету деңгейі 96%-ға жеткізілді
Премьер-министр өз сөзінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылғанын айрықша атап өтті
Мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты арқылы көрсету деңгейі 96%-ға жеткізілді. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының саяси кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Премьер-министр өз сөзінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылғанын айрықша атап өтті. Ал «бір терезе» қағидаты арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету деңгейі 96%-ға жеткізілді (2020 ж. – 90%).
«Азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Ал осындай бастамалардың басы-қасына 49 мың волонтер жұмылдырылды», - деді Асқар Мамин.
Айта кетейік, саяси кеңес отырысында Премьер-министр дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгені құрайтынын мәлім етті.