Асқар Мамин: 30 жылда елдің ЖІӨ көлемі 17 есе өсті
2021 жылы бұл көрсеткіш 190 млрд долларға дейін көтерілген
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ЖІӨ көлемі 17 есе өсті. Бұл туралы бүгінгі өткен «Nur Otan» партиясының саяси кеңес отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 1993 жылғы ЖІӨ 11,4 млрд доллар болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 190 млрд долларға дейін көтерілген.
Бұған қоса, тауар айналымы 100 млрд долларды құрады. Халықаралық резервтер 90,9 млрд долларға жетті. Тікелей шетелдік инвестициялар 400 млрд долларды құрады. Нәтижесінде Қазақстан жан басына шаққанда тікелей шетелдік инвестициялар бойынша ТМД-да 1-орынға шықты.
Сонымен қатар, экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі 33%-ды құраған, бұл бағытта жұмыспен қамтылғандар саны – 3,4 млн адам.
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерінің бірі – 2,6 мың км темір жол және 14,4 мың км автомобиль жолы салынды. Бұл Орталық Азияда елдің өңірлік хабқа айналуына мүмкіндік берді.