$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгені құрады

Ақхалаттылардың орташа жалақысы 30%-ға өсті

Елімізде дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгені құрады
Фото ашық дереккөзден

Биыл еліміздің денсаулық саласында 15 іс-шара орындалып, нәтижесінде дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге дейін жетті. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға  өсіп, 320 мың теңгені құрады. Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға  өсіп, 173 мың теңгені құрады», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар Үкімет басшысы медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтылғанын да алға тртты.

«1010 медициналық жабдық бірліктері аудандық ауруханаларға, оның ішінде перзентханаларға сатып алынды. Әрбір өңірде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті 2 айлық резерві қамтамасыз етілді, сондай-ақ медициналық жабдықпен жарақтану деңгейі ұлғайтылды», - деп нақтылады Премьер-министр өз баяндамасында.

Серіктес жаңалықтары