Қазақстанның қай өңірлері «қызыл» аймақта тұр
Өткен тәулікте елімізде 1047 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қарашада жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің екі өңірі әлі де «қызыл» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрицаға сәйкес,
«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары;
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1047 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 963 828 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам көз жұмды.