$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны азайып келеді

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған 486 науқас ауыр жағдайда жатыр

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны азайып келеді
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 14 адам қайтыс болды.

21 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 408 адам коронавирус инфекциясынан (–26 231+ және 4 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 410 пациент стационарда, 23 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 486 адамның жағдайы ауыр,
• 124 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 21 қарашадағы мәлімет бойынша 101 жаңа жағдай тіркелді, 199 адам жазылып шыққан, 7 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 81 955; 

- өлім жағдайы – 5119;

- барлығы 72 659 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары