06.01.2020, 03:50
Жаңалықтар
Жаңа Зеландияның аспаны сары түске боялды
Бұл құбылысқа Австралиядағы орман өрті әсер еткен
Фото: bbc.com
Австралия өртінің түтіні 2 мың км жерді артқа тастап, Жаңа Зеландия жеріне жетті. Мемлекетті қалың тұман басты, ал халық түтін иісіне шағымдануда, деп хабарлайды Азаттық рухы ВВС-ге сілтеме жасап.
«31 желтоқсан күні Оңтүстік арал тұрғындары бірінші болып австралиялық өрт салдарын сезінді. Бұл жердің аспаны сары түске боялып, тау басын тұман басты», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, тұман 36 сағат бойы кетпеген. Сонымен қатар мұздықтар мен қар түсінде де өзгерістер байқалған.
Естеріңізге сала кетсек, Австралиядағы орман өртінен 18 адам қаза тауып, жарты миллионға жуық жануар өлді.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
