06.01.2020, 02:24
Жаңалықтар
Амстердамда туристерге салық салынды
1 қаңтардан бастап қалада қалғысы келетін туристер күніне 3 евро төлеуі тиіс
Фото: ашық дереккөзден
Амстердамға барған туристер 1 қаңтардан бастап күнделікті қосымша салық төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, енді қалада болатын әр күн үшін турист 3 евро салық төлеуі тиіс.
«Бұған дейін туристер жалға алған бөлме бағасының 7 пайызына тең келетін салық төлейтін еді. Жаңа салық осы төлемді толықтырып тұр», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, Амстердамда 1,1 млн тұрғын бар. Қалаға жылына 17 миллионнан астам турист келеді.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
